
3 ақпан Қарағанды облысының әкімдігінде облыс әкімі Ж.М. Қасымбектің төрағалығымен Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссияның облыстық отырысы өтті. Отырыс барысында су тасқыны кезеңінің өту қорытындылары, басқару органдарының 2020 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындығы, облыстың күштері мен құралдарының өрт қауіпті кезеңге дайындығы мәселелері, шомылу маусымы кезеңінде облыстың су айдындарында адамдардың қаза болуын болдырмау жөніндегі шаралар талқыланды.
Қарағанды облысында су тасқыны қаупі бар ауылдарды аралау басталды. Мамандар өзендердің жоғарғы ағысындағы топырақтың қату тереңдігін өлшейді. Қауіпті учаскелерді космомониторинг көмегімен анықтайтын болады.
Күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша Қарағанды облысы ТЖ департаментінің бастығы азаматтық қорғау полковнигі М.К. Катпанов сөз сөйледі.
- «Облыста республикалық Жол картасы аясында су тасқыны қаупінің алдын алу және жою бойынша шаралар кешені жүзеге асырылуда. Инженерлік жұмыстардың облыстық жоспары бар. Үш жыл ішінде қорғаныс дуалдарын салу, су өткізу құбырларын орнату, Соқыр және Тоқырауын өзендерінің арналарын санациялау бойынша 69 іс-шара іске асырылды. Биыл Шерубай-Нұра өзенің қалпына келтіру жұмыстары жалғасады. 2021-2023 жылдарға арналған Жол картасына 23 іс-шара енгізілді», - деп атап өтті ТЖД бастығы.
2020 жылы облыстың азаматтық қорғаудың аумақтық кіші жүйесінің қызметі бекітілген жоспарларға сәйкес жүзеге асырылды және халықты табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғауды қамтамасыз етуге бағытталды, оның нәтижесінде қысқы, су тасқыны, өрт қауіпті және суға түсу маусымдарында төтенше жағдайлар санының өсуіне, адамдардың қаза болуы мен жарақаттануына жол берілмеді.
Есепті кезеңде 1209 төтенше жағдай тіркелді, соның салдарынан 98 адам зардап шекті, 41 адам қайтыс болды.
Авариялық-құтқару қызметтерінің бөлімшелері авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізуге 9753 шығу жасады, соның нәтижесінде 2898 адам құтқарылды, 2250 адам эвакуацияланды, 431 зардап шегушіге дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсетілді.
Отырыс барысында облыс әкімі Ж.М. Қасымбек қала және аудан әкімдеріне қысқы кезеңде тіршілікті қамтамасыз ететін барлық объектілер мен көлік инфрақұрылымының тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз етуге ерекше назар аударуды тапсырды.
Жазғы кезеңде шомылу маусымында халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және аумақты табиғи өрттерден қорғау проблемалары өзекті болып қалуда. Осыған байланысты қалалар мен аудандардың әкімдеріне мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері жоқ елді мекендерде өрттерді сөндіру үшін өрт сөндіру бекеттерін құру жөніндегі жұмысты белсенді жалғастыру, сондай-ақ шомылуға тыйым салынған орындардың тізбесін бекіте отырып, коммуналдық жағажайлар құру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру тапсырылды.
15-18 қаңтар аралығында Қазгидромет филиалымен Департаменттің өтімділігі жоғары техникасында Нұра және Шерубай-Нұра өзендерінің жоғарғы ағысындағы қар өлшеу маршруттары бойынша бірінші айналып өту ұйымдастырылды.
Барлық гидрологиялық бекеттер 2021 жылғы су тасқынына дайындалуда. 2020 жылдың күзінде күзгі ылғалдау облыс бойынша нормадан төмен болды, асып кету тек Нұра өзенінің бассейнінде ғана байқалады.
Қарағанды облысында топырақтың қату тереңдігі қаңтар айында орта есеппен 10-20 см ұлғайды және облыс бойынша 63-тен 150 см-ге дейін құрайды.
Өңірді су тасқыны кезеңіне дайындау шеңберінде қаржылық және материалдық-техникалық құралдардың резервтері қалыптастырылуда.
Өз кезегінде облыс әкімі су тасқынының өтуі ауа-райы жағдайына да, су объектілері мен инфрақұрылымның дайындық деңгейіне де, басқару органдарының, азаматтық қорғау жүйесінің күштері мен құралдарының іс-қимылдарының үйлесімділігіне, материалдық-техникалық құралдардың резервтерінің болуына және халықтың дайындығына да байланысты болатынын атап өтті.
Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына су шаруашылығы құрылыстарының жай-күйін бақылауды қамтамасыз ету тапсырылды.
Су тасқыны жағдайын бақылау, ТЖ жою бойынша басқару органдарының іс-қимылын үйлестіруді облыстық су тасқынына қарсы штаб жүзеге асырады.
Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі