АБДРАХМАНОВ АРМАН ТӘМЕНҰЛЫ 2021 жылдың 30 қаңтарында 60 жасында өмірден өтті

АБДРАХМАНОВ АРМАН ТӘМЕНҰЛЫ 2021 жылдың 30 қаңтарында 60 жасында өмірден өтті

Арман Тәменұлы 1961 жылы 1 маусымда Қарағанды қаласында дүниеге келген.
1979-1981 жылдары КСРО Қарулы Күштері қатарында қызмет атқарды.
1987 жылы Қарағанды политехникалық институтын бітірді.
Еңбек жолын 1991 жылы азаматтық қорғау органдарында, Қарағанды облисполкомының ІІБ ӨКБ 9-МӘӨСБ мемлекеттік өрт қадағалау инспекторы лауазымынан бастады.
1991 жылдан 2008 жылға дейін инспектордан Қарағанды қаласының өртке қарсы қызмет басқармасының бастығына дейін, лейтенанттан полковникке дейін жұмыс атқарды.
2008 жылдың қыркүйек айында Қарағанды облысының ТЖД Қарағанды қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы бастығының орынбасары лауазымына тағайындалды, онда 2017 жылдың желтоқсан айына дейін қызмет атқарды және қызметте болудың шекті жасына толғаннан кейін зейнетке шықты.
Арман Тәменұлы 26 жылдан астам уақытын Қарағанды қаласының халқы мен аумағын төтенше жағдайлардан қорғау ісіне арнады. Қызметте қол жеткізген жетістіктері үшін бірнеше рет ведомстволық медальдармен және төсбелгілермен, құрмет және алғыс хаттармен марапатталған. Қазіргі уақытта Қарағанды облысының ТЖД жүйесінде басшылық лауазымдарды атқаратын азаматтық қорғау органдарының лайықты қызметкерлерін тәрбиелеген.
Көптеген адамдар үшін ол нағыз дос, сенімді серіктес, тәлімгер, талантты көшбасшы болды. Ол біздің жадымызда сирек кездесетін ақылды, таңғажайып мейірімділік пен әзіл сезімі бар адам болып қалады.
Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаментінің ұжымы туған-туыстарына қайғырып көңіл айтады.