
Құтқарушыларға 25 желтоқсан күні сағат 22:26-да Жезқазған қаласының Холмецкий көшесіндегі жол-көлік оқиғасы туралы хабарлама келіп түсті. Зардап шегушіні босатуға көмек қажет болды.
ТЖД бөлімшелері шақырту орнына келгенде, жеңіл автокөліктердің соқтығысқаны анықталды, нәтижесінде екі көліктің бірінің жүргізушісі шанақ элементтеріне бұғатталған.
Құтқарушылар арнайы гидравликалық құралдың көмегімен жүргізушіні құтқарды. 2002 жылы туылған жігіт дәрігерлерге тапсырылды. Тексеруден кейін жарақат алған адам Жезқазған қаласының орталық ауруханасына жеткізілді.
Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі