
20 қаңтар күні сағат 01:58-де "101" пультіне Қарағанды қаласындағы "Эльбрус" асханасының жеке тұрған бір қабатты ғимаратындағы өрт туралы хабарлама келіп түсті.
Өрт сөндіру бөлімшелері келген сәтте жалпы ауданы 200 ш.м. шатыр жабынның және жиһаздың ағаш торлары жанып, кейіннен жабынның ішінара құлауы орын алды.
Өрт сөндіруші-құтқарушылар өртенген ғимараттан 2 газ баллонын алып шықты.
Қабылданған шаралармен сағат 03: 15-те өрт сөндірілді.
Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Алдын ала болжам бойынша өрттің себебі ашық от көзі болды.
Оқиға орнында Қарағанды облысы ТЖД жеке құрамынан 42 адам және 10 бірлік техника жұмыс істеді.
Өткен тәулікте Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бөлімшелері 10 рет қоңыруларға шықты, онда 2 адам құтқарылды, оның ішінде 1 бала және 11 адам, оның ішінде 5 бала эвакуацияланды.
Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі