
18 қаңтарда сағат 14:04-те Қарағанды қаласының 22 шағын ауданындағы пәтердің өртенгені туралы хабарлама келіп түсті. Сағат 14:10-да шақыру орнына келген кезде кіреберісте қатты түтін байқалды. Газ-түтіннен қорғау қызметінің екі буыны кіреберіс тұрғындарын құтқаруға және эвакуациялауға, сондай-ақ жану ошағы табылған үшінші қабаттағы пәтердегі өртті сөндіруге бағытталды. Құтқару жұмыстарын жүргізу барысында күйген және улы газбен улану белгілері бар әйел өрт шыққан пәтерден құтқарылып, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды. Сондай-ақ қатты түтіндеу және улы газбен улану қаупі салдарынан көрші пәтерден құтқару қалпағының көмегімен төрт айлық бала құтқарылды. Кіреберіс пәтерлерінен тағы 12 адам эвакуацияланды.
Өртті сөндіруге Қарағанды облысы ТЖД Өрт сөндіру қызметінің №9 өрт сөндіру бөлімінің 12 адамы мен 3 бірлік техникасы жұмылдырылды. Қабылданған шаралармен өрт 14:35-те жойылды. Өрттің шығу себебі отты абайсыз қолдану болды.
Қарағанды облысы ТЖ департаменті азаматтардан өз қауіпсіздіктеріне мұқият болып, тұрмыста өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды:
- сөндірілмеген темекілер мен сіріңкелерді қалдырмаңыз;
- электр сымдары мен аспаптарының жарамдылығын қадағалаңыз;
- электр желілерін шамадан тыс жүктемеңіз;
- тек жарамды пеш және газ жабдықтарын пайдалану қажет.
Қарағанды оьлысы ТЖД баспасөз қызметі