Тұрмыста және жылыту маусымында өрт қауіпсіздігі бойынша тұрғындар арасында үгіт-насихат рейдтік іс-шара өткізілді

Тұрмыста және жылыту маусымында өрт қауіпсіздігі бойынша тұрғындар арасында үгіт-насихат рейдтік іс-шара өткізілді

15 қаңтарда Қарағанды қаласы ТЖ басқармасының қызметкерлері Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметімен бірлесіп, тұрмыста және жылыту маусымында өрт қауіпсіздігі бойынша тұрғындар арасында үгіт-насихат рейдтік іс-шара өткізді. Негізгі бетбұрыс халықтың әлеуметтік осал топтарына қатысты болды. Іс-шара барысында пешпен жылытылатын үйлерде улы газ датчиктері орнатылды. Мобильді құлақтандыру кешені арқылы өрт қауіпсіздігі бойынша аудио қосылды.. Барлығы 93 үй қамтылып, 247 адамға нұсқау берілді, өрт қауіпсіздігі бойынша 494 жадынама таратылды.
Қарағанды облысының ТЖД еске салады!
Өрттің алдын алу үшін өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажет:
- төсекте темекі шекпеңіз, балкондардан темекі тұқылын тастамаңыз;
- бір уақытта бірнеше жоғары қуатты электр құралдарын қоспаңыз;
- оқшаулағышы зақымдалған электр сымдарын пайдаланбаңыз;
- қолдан жасалған сақтандырғыштарды қолданбаңыз;
- кірді газ және электр плиталарының үстіне кептірмеңіз;
- балалардың отпен ойнауына жол бермеңіз;
- тағамды плитада қараусыз қалдырмаңыз;
- жылыту маусымы басталар алдында пештерді жөндеңіз;
- айына кемінде 1 рет мұржаларды күйеден тазартыңыз;
- пешті жағу үшін жанғыш сұйықтықтарды қолданбаңыз;
- жанып жатқан пештер мен электр жылыту құралдарын қараусыз қалдырмаңыз;
- газ баллонын ауыстырған кезде баллонның редуктормен сабынды ерітіндімен, ешқандай жағдайда отпен қосылуының герметикалығын тексеріңіз;
- үйден шыққан кезде газ бен электр құралдарын ажыратыңыз.

Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі