
11 қаңтарда Шахтинск қаласында есірткіге мас күйінде болған ер адам өз пәтерін жарып жіберемін деп қорқытқаны туралы хабарлама келіп түсті.
Ол газ плитасының оттықтарын қосып, 5 қабатты тұрғын үйдің 1-қабатында орналасқан пәтердің есігін ашпады. Өрт сөндіруші-құтқарушылар подъезге барлау жүргізгеннен кейін газдың иісі барлық қабаттарға таралғанын анықтады. Барлық тұрғындар подъезден қауіпсіз жерге шығарылды.
Өрт сөндірушілер терезені сыртынан ашып, учаскелік полициямен бірге пәтерге кірді. Пәтерде газдың иісі қатты таралған. Өрт сөндіруші-құтқарушылар газ баллонының редукторын сөндіріп, пәтерді және барлық подъезды желдетуді жүргізді.
Ер адам жедел жәрдем бригадасына тапсырылды.
Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі