Қарағандылық құтқарушылар "Құлыншақ" балалар үйінің тәрбиеленушілерін Жаңа жылмен құттықтады

Қарағандылық құтқарушылар "Құлыншақ" балалар үйінің тәрбиеленушілерін Жаңа жылмен құттықтады

Қарағанды облысы ТЖ департаментінің басшылығы мен қызметкерлері "Құлыншақ" балалар үйінің тәрбиешілері ұжымын келе жатқан жаңа 2021 жылмен құттықтады!
Қарағанды облысы ТЖД қызметкерлері бірнеше жыл бойы "Құлыншақ" балалар үйіне көмек көрсетіп келеді: тұрмыстық мәселелерді шешуге көмектеседі, мерекелерді өткізуге қатысады, балалармен сөйлеседі.
Мереке қарсаңында құтқарушылар өздерінің кішкентай достары туралы ұмытқан жоқ. "Құлыншақ" тәрбиеленушілері барлық балалар сияқты жаңа жылға тәтті сыйлықтар алды.
Балалар үйінің директоры Светлана Бүркеева құтқарушыларға көмек көрсеткені және қызметкерлердің балалар өміріне көңіл бөлетіндері үшін алғысын білдірді.
Жаңа жыл-сиқырлы мереке, бұл уақытта балалар ғажайыпты күтеді және ертегіге сенеді. Балалар үйінде тәрбиеленіп жатқан балаларға өз махаббатының бір бөлігін сыйлау, жылдың басты мерекесін одан да бақытты және мейірімді ету біздің қолымызда.

Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі