Қарағанды облысы ТЖ департаментінің ұжымы жиырма бес жылдан астам азаматтық қорғау органдарында қызмет еткен азаматтық қорғау подполковнигі Абдигаликов Ербұлан Бахытұлын ,құрметті демалысқа шығарып салды.
Қарағанды облысы ТЖ департаментінің бастығы азаматтық қорғау полковнигі Қатпанов Мұрат Қасенұлы құттықтау сөз сөйлеп, жетістіктерін атап өтіп, Ербұлан Бахытұлына адал қызметі үшін алғыс айтып, зор денсаулық, амандық, азаматтық өмірде табыс және жаңа жетістіктер тіледі.
Е.Б. Абдигаликов азаматтық қорғау органдарындағы қызметін 1997 жылы Қарағанды облысының мемлекеттік өртке қарсы қызметінің №32 өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы қызметінен бастады. 1998 жылы №25 өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы, содан кейін 2005 жылғы желтоқсаннан ақпанға дейін №25 өрт сөндіру бөлімі бастығының орынбасары болып тағайындалды.
2005 жылдың ақпанынан 2010 жылға дейін - №28 өрт сөндіру бөлімінің бастығы.2010 жылғы қаңтардан 2016 жылғы маусымға дейін Шахтинск қаласының ТЖ бөлімінің бас маманы лауазымында жұмыс істеді. Маусым айында Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар Департаментінің бұйрығымен Қарағанды облысы ТЖД Шахтинск қ.ТЖБ бастығы болып тағайындалды. Қызмет өткерген уақытында "Төтенше жағдайлардың алдын алуда және жоюда үздік шыққаны үшін "медалімен, ІІІ дәрежелі" Өртке қарсы қызмет органдарындағы мінсіз қызметі үшін " медалімен, ІІ дәрежелі "Мінсіз қызметі үшін" медалімен, І дәрежелі "Мінсіз қызметі үшін" медалімен марапатталған.
Бірнеше рет Қарағанды қаласының объектілеріндегі күрделі және ірі өрттерді жоюға қатысты, оларды сөндіру бойынша басшылықты жүзеге асырды, осы аз емес еңбек жылдарында өз жұмысын абыроймен орындады, жоғары нәтижелерге қол жеткізді. Өзінің кәсіби тәжірибесі мен білімін жас қызметкерлерге берді, себебі олардың арасында әрқашан кеңес пен ақылды қажет ететіндер бар.
Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі