Үздік құтқарушы қызметкері

Үздік құтқарушы қызметкері

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күнін мерекелеу аясында Жезқазған қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі «Мен – жас қазақстандықпын» қалалық жастар форумын ұйымдастырды. Бұл форумға Қарағанды облысы ТЖД ӨСжАҚЖҚ №2 жасағы №4 МӨСБ аға өрт сөндіруші-құтқарушысы азаматтық қорғау сержанты Мейрам Бекболат Темірханұлы қатысып, "Үздік құтқарушы қызметкері" номинациясы бойынша марапатталды.
№4 МӨБ аға өрт сөндіруші-құтқарушысы азаматтық қорғау сержанты Мейрам Б.Т. 1994 жылы Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы Атасу кентінде дүниеге келген. Азаматтық қорғау органында 2016 жылдың мамыр айынан қызмет атқарады. Қызмет еткен уақытында өзін тек жағымды жағынан тәртіпті және адал қызметкер ретінде көрсетті. Кәсіби дайындығы бар, кез-келген уақытта әріптестеріне көмектесуге дайын тұрады. Сонымен қатар жаңадан қабылданған жас қызметкерлерге де өз тәжірибесімен бөліседі.
Бекболат тыныс алу органдарына жеке қорғау құралдарын пайдалана отырып, түтіндеген үй-жайларда күрделі өрттерді сөндіруге қатысты. Өрт сөндіру кезінде сенімді және батыл әрекет етеді. Ол қатысқан соңғы өрттердің бірі 2020 жылғы 28 қазанда Жезқазған қаласында Есенберлин көшесінде болды. Газ-түтіннен қорғау қызметі буынының қатарында Мейрам Б.Т. кірген үйлесімді жұмысының арқасында қысқа уақыт ішінде түтінделген 3-бөлмелі пәтердегі жану көзін анықтап, жоюға мүмкіндік туды. Кіреберістен 19 адам, оның ішінде 2 бала эвакуацияланды.
Бекболаттың өзі айтқандай: "Өрт сөндіруші міндетті түрде ержүрек және шыдамды, дене бітімі жақсы, сондай-ақ теориялық білімі мен отпен күресудің практикалық дағдылары болуы тиіс. Ол шапшаң және тез қимылай алуы керек".
Біздің жас әріптесімізге осы игілікті кәсіпте табыс және әрине жеңдерінің құрғақ болуын тілегіміз келеді.

Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі