Түтін мұржасының ақауы ірі өрттің шығуына себеп болды

Түтін мұржасының ақауы ірі өрттің шығуына себеп болды

28 желтоқсан күні сағат 01: 05-те Қарағанды қаласы, Керамическая көшесі, 7 үй мекенжайы бойынша орналасқан тұрғын үйдегі өрт туралы хабарлама келіп түсті.
Бірінші өрт сөндіру бөлімшесі келген сәтте ашық жалынды жану орын алды. Оқиға орынына келгенде өрттің қатты өршуі себебінен өртті сөндіру қиынға соқты. Өрт еден, шатыр сондай-ақ үй іші аумағында ауданы 150 шаршы метрді құрады. Өрттің өршуін және сөндірудің күрделілігін ескере отырып, өртке 2 БИС дәрежесі берілді. Өртті сөндіруге Қарағанды облысы ТЖД жеке құрамынан 63 адам және 16 техника жұмылдырылды. Қабылданған шаралармен өрт 03:22-де сөндірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Алдын ала болжам бойынша өрттің ықтимал себебі пеш жабдықтарын орнату және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу болуы мүмкін (пеш мұржасының ақаулығы).

Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі