Қарағанды облысының 2021 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындығы тексерілді

Қарағанды облысының 2021 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындығы тексерілді

 

Су тасқыны жағдайын бағалау мақсатында Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары полковник А.К. Ахметжанов Абай және Бұқар Жырау аудандарының су тасқыны қауіпті елді мекендерін аралап шықты.
Сонымен, Абай ауданының Құлайғыр ауылында ұзындығы 1000 метр жазғы-күзгі кезеңде тұрғызылған қорғаныс білігі, Топар өзенін санациялау және Топар бөгетін қайта жаңарту бойынша жүргізілетін жұмыстар, сондай-ақ республикалық Жол Картасы шеңберінде Шерубай-Нұра өзенін тазарту бойынша жұмыстар қаралды.
Бұқар Жырау ауданында Садовое ауылының дайындығы және облыстық инженерлік жұмыстар жоспары шеңберінде өткізілген дайындық жұмыстары (Жастілек, Петровка, Сарытөбе, Асыл, Қаражал ауылдарында қорғау біліктерін тұрғызу және су бұру арналарын тазарту) тексерілді.
Департамент бастығының орынбасары полковник А.К. Ахметжанов тарапынан барлық қажетті ұсынымдар мен тапсырмалар берілді.
2015-2020 жылдар аралығында облыста барлығы 220 км қорғаныс бөгеттері мен біліктері тұрғызылып, нығайтылды, 167 елді мекенде 76 км өзен арналарын жағалауды нығайту, түбін тереңдету, түзету және кеңейту орындалды, автомобиль жолдарының 156 учаскесінде су өткізу қабілеті ұлғайтылды.
Қарағанды облысының аумағында су тасқыны кезеңіне дайындық «2017-2020 жылдарға арналған су тасқыны қаупінің алдын алу және жою жөніндегі шаралар кешені» Жол картасына және облыстық инженерлік жұмыстар жоспарына сәйкес жүргізілуде.
Аталған жоспарларды іске асыру шеңберінде, атап айтқанда 2020 жылғы мамырдан бастап 27 елді мекен аумағында (Жаңаарқа, Абай, Осакаров, Бұқар Жырау, Шет, Қарқаралы, Нұра аудандары, Қарағанды қ., Теміртау қ.) 13,555 км салынды және 9,975 км қорғау бөгеттері мен валдары нығайтылды, 4.5 км өзен арналарының су тасқыны қаупі бар учаскелерін санациялау, 6,1 км су бұру арналарын салу және жөндеу, 24.2 км су бұру жүйелері, 74 учаскеде су өткізу қабілеті артты.
Гидротехникалық құрылыстарда 972 млн. теңгеге жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді, оның ішінде республикалық бюджеттің қаражат есебінен (182 млн.теңге), облыстық бюджеттен – (434 млн. теңге), жеке құрылымдар бюджетінен (356 млн. теңге).
Су тасқыны кезеңіне дайындық жұмыстары жалғасуда және тұрақты бақылауда.

Қарағанды облысының ТЖД