
Бүгін, 14 желтоқсан күні Бұқар Жырау ауданынында, «Алматы-Екатеринбург» автожолынан 995 шақырымында, Қарағанды қаласынан 11 шақырым жерде «MAZ» маркалы автомобильдің жол жиегіне аударылуы орын алды. Нәтижесінде алдын ала көлемі 15 тонна күкірт қышқылы 20 шаршы метр ашық жерге жайылды. Оқиға салдарынан жарақат алған 1971 жылы туған жүргізуші ауруханаға жатқызылды. Жағдайы орташа. Оқиға орнында Қарағанды облысы ТЖД 19 қызметкері және 4 бірлік техникасы, жергілікті полиция қызметі, ҚР ТЖМ әскери бөлімі және Экология департаменті жұмыс істеуде.
Құтқарушылар көлік құралдарының жүргізушілеріне жүгінеді: төмен температуралар, жолдардың қар басуы және көктайғақ жағдайларында мүмкіндігінше сапарлардан бас тарту ұсынылады; нашар көріну кезінде қалыпты жылдамдықты таңдау және жарық беру аспаптарын пайдалану маңызды.
Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі