Мемлекеттік өрт бақылауды жүзеге асыру мәселелері бойынша семинар сабақ өткізілді

Мемлекеттік өрт бақылауды жүзеге асыру мәселелері бойынша семинар сабақ өткізілді

Ағымдағы жылдың 10-11 желтоқсан күндері Қарағанды облысы ТЖД мемлекеттік өрт бақылау басқармасы ZOOM режимінде Қарағанды облысы ТЖД бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі Н.С. Бекбосыновтың төрағалығымен Мемлекеттік өрт бақылауды жүзеге асыру мәселелері бойынша қалалардың ТЖ басқармалары мен аудандардың ТЖ бөлімдерінің инженерлік-инспекторлық құрамымен семинар сабақ өткізді.
Семинар барысында проблемалық мәселелер және оларды шешу жолдары талқыланды, өртті бақылауды жүзеге асыру кезіндегі жұмысқа бірыңғай тәсіл, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі анықталды.
Сонымен қатар, инженерлік-инспекторлық құрамның тәртіп пен этикалық нормаларды, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау мәселесі қаралды.
Семинар қорытындысы бойынша Қарағанды облысы ТЖД бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі Н.С. Бекбосынов тарапынан Қарағанды облысы ТЖД МӨҚБ-не әдістемелік құрал дайындау тапсырылды.