2020 жылғы 3 желтоқсандағы №448 л/с ТЖМ бұйрығымен азаматтық қорғау подполковнигі Адамбусинов Талғат Хасенұлы Қарағанды облысы ТЖ Департаментінің «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» бастығының орынбасары лауазымына тағайындалды.
Адамбусинов Талғат Хасенұлы 1979 жылы 15 мамырда Қарағанды облысы Қарағанды қаласында дүниеге келген.
1997-1999 жылдары Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері қатарында қызмет атқарды.
2007 жылы Қазақстан Республикасы ТЖМ КТИ, 2009 жылы «Фемида» заң академиясын бітірді.
Еңбек жолын 2000 жылы Қарағанды облысы Мемлекеттік өртке қарсы қызметінің №8 өрт сөндіру бөлімінің автослесарі болып бастаған.
2000 жылдан 2020 жылға дейін Қарағанды облысы Мемлекеттік өртке қарсы қызметінің №2 бөлімінің №1 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушісінен Қарағанды облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ №10 өрт сөндіру бөлімінің бастығына дейін жұмыс атқарды.
2020 жылдың желтоқсан айында Қарағанды облысы ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ бастығының орынбасары болып тағайындалды.
«Өртке қарсы қызмет органдарындағы мінсіз қызметі үшін» III, II, I дәрежелі медальдарымен және «ҚР ІІМ ТЖК 20 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталған.