Қарағанды облысындағы өрттен үш бала құтқарылды

Қарағанды облысындағы өрттен үш бала құтқарылды

9 желтоқсан күні сағат 00:03-те Қарағанды қаласының Лесков көшесінде болған өрт туралы хабарлама келіп түсті. Жеке тұрғын үйде ауданы 5 ш.м. бөлмеаралық ағаш қалқанның жануы орын алды. Қарағанды облысының ТЖД күшімен үйден 2003, 2012 және 2014 жылғы 3 бала құтқарылды. Балаларға медициналық көмек қажет болмады. Өрт 00:59-да сөндірілді. Алдын ала мәліметтер бойынша, өрттің себебі пештер мен түтін мұржаларын орнату кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу болды.
Қарағанды облысының ТЖД азаматтарды өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады. Пешпен жылытуды ретке келтірумен қатар оны пайдалану ережелерінің талаптарын қатаң сақтау қажет. Үнемі мұржаларды жиналған күйеден тазалаңыз. Пештер мен электр сымдарын жөндеуді тек мамандарға тапсырыңыз!