Демалыс күндері Қарағандылық құтқарушылар 6 адамды құтқарды

Демалыс күндері Қарағандылық құтқарушылар 6 адамды құтқарды

5 желтоқсанда Теміртау қаласында бір әйел құлыптаулы пәтерде болған. Құтқарушылар келген бойда үш иінді сатыны орнатып, терезеден пәтерге кіріп 1943 жылы туған әйел құтқарылды.
Осындай жағдайлар 6 желтоқсанда Теміртау қаласында да қайталанды. Құтқарушылар слесарлық құралдың көмегімен құлыпталған есіктерді ашу бойынша екі авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізді. 1968 жылы туылған әйел мен 1987 жылы туылған ер адамдар құтқарылды.
Сол сияқты 6 желтоқсанда Жезқазған қаласында 2016 және 2017 екі бала құтқарылды. Ата-аналардың айтуынша, олардың пәтерінің есігі жабылып, олар кіре алмаған.
Құлыпталған пәтерлерді ашу жиі кездесетін құтқару жұмыстарының бірі. Көбінесе жабық есіктердің ар жағында кішкентай балалар, қатты ұйықтап жатқан ересектер және медициналық көмекке мұқтаж адамдар тұрады.
5 желтоқсанда "112" пультіне Саран қаласында 2017 жылы туылған бала ойнап жүргенде саусағын пластмассалық бітегіші жоқ орындықтың темір табанына салғаны туралы хабарлама келіп түсті. Саусақ кептеліп қалды. Қоңырауға келген құтқарушылар орындықтың аяғының бір бөлігін кесіп тастауға мәжбүр болды, содан кейін металл түтікті мұқият кесіп, саусақты босатты.
Өткен демалыс күндері 5-6 желтоқсан аралығында Қарағанды облысы ТЖ департаментінің бөлімшелері дабыл бойынша 42 рет шықты. Оның ішінде өрт және жану оқиғаларына 25 рет және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге 14 рет.


Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі