
4 желтоқсан күні сағат 12:28-де Абай қаласындағы өрт туралы хабарлама келіп түсті. 5 қабатты тұрғын үйдің 4-ші қабатта орналасқан пәтерінде жалпы ауданы 5 ш.м. үй заттары мен ағаш терезе блогы жанған. Өрт сағат 12:45-те сөндірілді. Өрт болған жерден 1962 жылғы пәтердің иесі табылды, ал 1953 жылғы ер адам улы газбен уланып ауруханаға жатқызылды.
5 желтоқсан күні сағат 07:34-те Шахтинск қаласының Шахан кентіндегі өрт туралы хабарлама келіп түсті. 5 қабатты тұрғын үйдің 5-ші қабатындағы пәтерде 40 ш.м. алаңда өрт орын алды. Баспалдақ маршы бойынша өрт сөндірушілердің күшімен подъезден 3 адам эвакуацияланды. Жанған пәтерде екі адам қаза тапты: 1957 ж.т. ер адам мен 1962 ж.т. әйел адам. Оқиға орнына ТЖД бөлімшелерінің 16 адамы мен 3 техникасы жұмылдырылды.
Алдын ала болжам бойынша өрттердің себебі отты абайсыз пайдалану болды.
Жылдын басынан Қарағанды облысында 1321 өрт оқиғасы тіркелді, оларда 27 адам қаза болды, 32 адам жарақат алды.
Тұрғын үйлердегі өрттердің негізгі себебі – пештерді және электр жабдықтарын орнату және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу және отты абайсыз қолдану.
Тұрғындарды қауіпсіздік мәселесіне мұқият қарауды сұраймыз:
- сөндірілмеген темекілер мен сіріңкелерді қалдырмаңыздар;
- электр сымдары мен аспаптарының жарамдылығын қадағалау қажет;
- бір желіге бірнеше электр аспаптарының қосылуына жол бермеңіздер, бұл электр желісінің артық жүктелуіне әкеледі;
- қолдан жасалған электр қыздырғыш аспаптарды пайдаланбаңыздар;
- тек жарамды пештерді пайдаланып, мұржаларды күйеден уақтылы тазартып тұрыңыздар;
- пешті қатты қыздырмаңыздар.