
ТЖМ 2020 жылғы 20 қарашадағы №32 ж/с бұйрығымен азаматтық қорғау полковнигі Бекбосынов Нұрлан Сәкенұлы Қарағанды облысы ТЖ Департаменті бастығының орынбасары лауазымына тағайындалды.
Нұрлан Сәкенұлы 1971 жылы 1 қазанда Қарағанды облысының Саяқ кентінде дүниеге келген.
1990 жылдан 1992 жылға дейін Ресей Федерациясының Амур облысында мерзімді әскери қызметтен өтті.
2004 жылы О.А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университетін, 2010 жылы Қазақстан Республикасы ТЖМ Көкшетау техникалық институтын бітірді.
Еңбек жолын 1992 жылы Саяқ кенішінде 3-разрядты электрслесарь болып бастаған.
Азаматтық қорғау органында 1993 жылдан қызмет атқарады.
1993-2010 жылдар аралығында Жезқазған облысы ІІБ ЖҚБ әскерилендірілген өрт күзетінің Саяқ кентінің жеке бекетінің бастығынан Қарағанды облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ №47 өрт сөндіру бөлімінің бастығына дейін жұмыс істеді.
2010 жылдың желтоқсан айында Қарағанды облысы ТЖД Приозерск қаласының Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы лауазымына тағайындалды.
2016 жылға дейін Қарағанды облысы ТЖ департаментінің бөлімшелерінде әртүрлі басшылық қызметтерді атқарды.
2016 жылғы тамыздан 2020 жылғы қарашаға дейін - Қарағанды қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы болып жұмыс істеді.
2020 жылдың қараша айында Қарағанды облысы ТЖ Департаменті бастығының орынбасары болып тағайындалды.
«Өрт қызмет органдарындағы мінсіз қызметі үшін» ІІІ, ІІ, ІІ дәрежелі медальдарымен,«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитетінің 20 жыл», «Ішкі істер органдарының ардагері» медальдарымен, «Өткізілген жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» наградалық белгісімен марапатталған.
Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі