Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаментімен «Абайлаңыз, баллонды газ!» акциясы өтуде. Акция аясында тұрғындар, бизнес иелері және адамдар көп жиналатын объектілер арасында өрт қауіпсіздігі ережелерін және газ жабдықтарын пайдалану ережелерін сақтау бойынша кең ауқымды үгіт-насихат жұмыстары жүргізілуде.
Профилактикалық акция аясында 27 қарашада Қарағанды қ. «Алтын арба» базарының аумағында қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарының иелеріне баллонды газды пайдалану кезіндегі қауіпсіздік шаралары түсіндірілді.
ТЖД қызметкерлері «АлемГаз» ЖШС-мен бірлесіп базар аумағында орналасқан қоғамдық тамақтандыру мекемелерінің иелеріне қауіпсіздік шараларын ауызша түсіндіріп қана қоймай, баллонды газды қауіпсіз пайдаланудың негізгі ережелерін іс жүзінде көрсетті.
Төтенше жағдайлардың алдын алу үшін базар әкімшілігіне тамақтандыру пункттеріне күнделікті бақылау жүргізу ұсынылды.
Жыл басынан бері облыста газ баллонын пайдалануға қатысты 13 өрт тіркелді, онда 3 адам қаза тауып, 7 адам жарақат алды.
ТЖД еске салады: газ құрылғыларының ақауы болған кезде пайдалануға тыйым салынады.
Тұрмыстық газбен абай болыңыз, газ құрылғыларының қауіпсіз жұмысына қойылатын барлық талаптарды сақтаңыз.
Газ жабдығы дұрыс жұмыс жасамаған жағдайда маманға жүгіну қажет. Жөндеуді өз бетіңізше жүргізу қауіпті.
Газ баллондары мен газ жабдықтарын осы өнімді өткізуге сертификаты бар мамандандырылған ұйымдардан ғана сатып алу қажет.
Газ баллондарын ауыстырған кезде отты, электр құралдарын пайдалануға үзілді-кесілді тыйым салынатынын әрдайым есте сақтаған жөн.
Баллонды жақын орнатуға болмайды:
• газ плитасынан жарты метр қашықтықта;
• кез келген жылыту құрылғыларынан бір метр қашықтықта;
• егер жылытқыш ашық болса, баллонға дейінгі қашықтық 2
метрге дейін артады.
Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі