Қарағанды облысының ТЖД «Улы газдан сақтан!» акциясын өткізуде

Қарағанды облысының ТЖД «Улы газдан сақтан!» акциясын өткізуде

Тұрғын үй секторындағы өрттерді азайту, 2020-2021 жж. жылыту кезеңінде адамдардың жарақаттануы мен қаза болуын азайту мақсатында Қарағанды облысының аумағында пешті, газ жабдығын және электр құралдарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі шараларын халыққа түсіндіру бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Ағымдағы жылдың 1-30 қараша аралығында «Улы газдан сақтан!» акциясы жарияланған болатын.
Осы акция аясында өткен демалыс күндері Қарағанды облысының ТЖ Департаменті жергілікті әкімдік пен полиция қызметін және еріктілерді тарта отырып, Бұқар-Жырау ауданының Жаңаөзен ауылында жеке тұрғын үй секторын аралап шықты. Аулаларды аралау барсыныда 505 үй қамтылды. Өрт қауіпсіздігі шаралары туралы 800-ден астам адамға нұсқау берілді, сондай-ақ өртке қарсы тақырыпта үгіт материалдары таратылды.
Жылыту кезеңінің басынан бері облыста 24 мыңнан астам жеке сектор аулаларын аралау жүргізілді, 70 мыңнан астам адамға нұсқау берілді. 5000 адамды қамтыған 318 жиын өткізілді. Халық арасында 83 мыңнан астам жадынама таратылды.
Қарағанды облысының ТЖД ескертеді! Өртті болдырмау үшін өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажет:
- жатын орында темекі шекпеңіз, темекі тұқылдарын балконнан лақтырмаңыздар;
- көп қуатты электр құралдарын бір тоқ көзіне бір уақытта қоспаңыздар;
- зақымданған электр сымдар жүйесін пайдаланбаңыздар;
- қолдан жасалған тоқ тасымалдағыштарды пайдаланбаңыздар;
- киім-кешекті газдың және электр плиталардың үстінде кептірмеңіздер;
- балалардың отпен ойнауына жол бермеңіздер;
- пештегі тамақты қараусыз қалдырмаңыздар;
- жылыту маусымы басталар алдында пештерді жөндеуден өткізіңіздер;
- мұржаларды күл-қоқыстан айына кемінде 1 рет тазартып тұрыңыздар;
- жанар-жағар майды от тұтатуға пайдаланбаңыздар;
- жанып жатқан пеш пен электр жылыту құралдарын қараусыз қалдырмаңыздар;
- газ баллонды ауыстырғанда баллонның редуктормен герметикалық жалғануын отпен емес сабынды көбікпен тексеруіңіз қажет;
- үйден шығарда газ және электрқұралдарын өшіріңіздер.

Қарағанды облысының ТЖД баспасөз қызметі