
17 қараша сағат 3:11-де Балқаш қаласынан 4 км жердегі «Саяқ кенті – Балқаш қаласы» автожолында техникалық ақауы бар вахталық автобустан ТЖД күшімен 51 адам эвакуацияланып, Балқаш қаласына жеткізілді. Жолаушылардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ және медициналық көмекке мұқтаж болмады.
Қарағанды облысының ТЖ департаменті ауа райының бұзылуына байланысты уақытша алыс жолға шықпауды, жолға шығар алдында көліктердің техникалық жағдайын тексеруді, ауа райы, дауылды ескетулер туралы ақпаратты қарау керектігін ескертеді.
Қарағанды облысының ТЖД баспасөз қызметі