
Қарағанды облысының Шахтинск қаласында орналасқан №3 Мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушілері ағымдағы жыл ішінде өрттерді сөндіруге бір мекенжай бойынша 6 рет шықты.
Долинка кенті, Транспортная көшесі, 98 мекен-жайындағы алғашқы өрт 8 наурыз күні кешке болған. Жану көмір алаңында 10 шаршы метр және 3 тонна көмірде орын алды.
Екінші рет өрт туралы хабарлама 18 сәуірде сағат 23:58-де келіп түсті. Өрт тұрғын үйге жапсарлас орналасқан аумағы 4 шаршы метр сарайда орын алды.
Үшінші рет өрт сөндірушілер 2 мамырда осы мекен-жайға тағы шықты. Бұл жолы тұрғын үйге іргелес шаруашылық құрылысы жанды. Өрт сөндірушілердің жедел іс-қимылдарының арқасында тұрғын үйге өрттің таралуына жол берілмеді.
Бұл мекен-жайға төртінші қоңырау 31 қазан күні сағат 09:37-де келіп түсті. Жалпы ауданы 120 шаршы метр болатын тұрғын үйдің шатыры мен шаруашылық құрылысының ағаш торлары жанған.
Келесі қоңырау сол күні кешке түсті. Келу кезінде жалпы ауданы 60 шаршы метр болатын шатырдың, жиһаздың, үй заттарының, есік және терезе блоктарының ағаш конструкциялары жанып, содан кейін төбенің құлауы орын алды.
Бұл мекен-жайдағы алтыншы өрт кеше, 3 қарашада болды. Тұрғын үй аумағында 50 шаршы метр алаңда жазғы ас үйдің шатырының ағаш конструкциялары жанған.
Өртте зардап шеккендер жоқ. Үйде отбасы тұрады. Өрт туралы хабарламалар әрдайым қырағы көршілерден келеді.
Барлық жағдайларда өрттің шығу себептері - өртеу және отты абайсыз пайдалану болды.
Үй тұрғындары кінәлі ме, әлде біреу өрт ұйымдастырады ма, бұл жайында полиция анықтайды. Өрт бойынша іс-материалдары жергілікті полиция бөліміне тапсырылды.
Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі