Демалыс күндері Қарағанды облысында болған өрттен 3 адам қаза тапты

Демалыс күндері Қарағанды облысында болған өрттен 3 адам қаза тапты

Демалыс күндері, 31 қазан және 1 қараша күндері Қарағанды облысының ТЖД бөлімшелерімен 49 шығу жүзеге асырылды, оның ішінде 35 рет өрт сөндіруге, 14 рет авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге. Оның барысында 9 адам құтқарылды, оның ішінде 5 бала. 3 адам қайтыс болды.
Оқиғалардың негізгі себептері: пештер мен электр жабдықтарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу, сондай-ақ отты абайсыз пайдалану.
Өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін сақтау туралы еске саламыз:
- электр жүйесінің жарамдылығын қадағалау;
- электр аспаптарын, плиталарды жарамды күйде ұстау;
- бір желіге бірнеше электр аспаптарының қосылуына жол бермеу, бұл электр желісінің артық жүктелуіне әкеледі;
-қолдан жасалған электр қыздырғыш аспаптарды пайдаланбау;
- тек жарамды пештерді пайдалану, түтіндіктерді күйеден уақтылы тазарту;
- пешті тез тұтанатын сұйықтықтармен жағуға жол бермеу;
- пешті қатты қыздырмаңыз.
31 қазанда Бұқар Жырау ауданының Тасаул ауылында бір қабатты тұрғын үйде жалпы ауданы 6 шаршы метр болатын еден мен жиһаз жанған. Өрт орнынан 1978 жылы туған ер адамның денесі табылды. Өрттің болжамды себебі-темекі шегу кезіндегі абайсыздық.
1 қарашада Қарқаралы ауданының Егіндібұлақ ауылында жалпы ауданы 6 шаршы метр болатын ағаш еден, матрац және теледидар жанған. Өрт орнында 1974 жылы туған ер адамның денесі табылды.
Сол күні Қарағанды қаласындағы Бабушкин көшесінде автосервис өртенді. Жалпы алаңы 20 ш.м. ағаш шатыр құрылымдары мен жиһаз отқа оранған, кейіннен 25 ш.м. аумақта жабынның құлауы орын алды. Өрт орнында 1962 жылы туған ер адамның жанған денесі табылды. Өрттің алдын ала себебі-жылыту аспаптарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі қағидаларын бұзу.
Шахтинск қаласының Долинка кентіндегі тұрғын үйлердің бірінде бір күнде екі рет өрт шығып, өрт сөндірушілер бір мекенжайға екі рет баруға мәжбүр болды.
Транспортная көшесіндегі өрт туралы хабарлама алғаш рет 31 қазанда сағат 09:37-де келіп түсті. Сол кезде үйде жалпы ауданы 120 шаршы метр болатын ағаш шатырлар мен шаруашалық құрылысы өртенді. Өрт 10:39-да сөндірілді.
Сол кеште өрт сөндірушілер тағы да көрсетілген мекенжайға шықты: жалпы ауданы 60 ш.м. шатырдың, жиһаздың, үй заттарының, есік және терезе блоктарының ағаш конструкциялары жанып, кейіннен 25 ш.м. алаңда жабынның құлауы орын алды. Хабарлама 31 қазан күні сағат 18:36-да келіп түсті. Өрт 20:42-де сөндірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің алдын ала себебі - ашық от көзі (өртеу).
Бұған дейін де осы мекен-жай бойынша шақыртулар келіп түскен болатын. Үй тұрғыны бірнеше рет өрт шығарған. Өрт сөндірушілер бұл мекенжайға көктемде үш рет, ал ағымдағы жылдың қазан айының басында бір рет шықты. Өрт бойынша іс материалдары полиция органдарына берілді.

Қарағанды облысының ТЖД баспасөз қызметі