Ағымдағы жылдың 29 қазанында Қарағанды облысы ТЖД бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі Р.Н.Амриннің төрағалығымен Қарағанды облысы ТЖД Дағдарыс жағдайларында басқармасы және қысқы кезеңде ден қою бойынша кезекші қызметтері арасында өзара іс-қимылды және жедел ақпараттан өту тәртібін ұйымдастыру мәселесі бойынша азаматтық қорғау қызметтерінің және мүдделі ұйымдардың басшыларымен ZOOM–конференция режимінде семинар-кеңес өткізілді.
Негізгі баяндаманы ДЖБ бастығы азаматтық қорғау полковнигі Н.С. Интуев жасады, ол іс-шараға қатысушыларға ҚР Азаматтық қорғаныс бастығының орынбасары - ҚР ТЖ министрінің бұйрығын және Қарағанды облысы әкімінің 2020-2021 жылдардағы қысқы кезеңде халықты және аумақты төтенше жағдайлардан қорғау жөніндегі өкімін жеткізді. Азаматтық қорғаудың авариялық және шұғыл қызметтерінің ТЖД ДЖБ ақпараттың өзара іс-қимылын ұйымдастыру бойынша өкім іс-шарасы жоспарының тармағын орындауға ерекше назар аударды.
Бұдан әрі қысқы кезеңде ден қоюға дайындық туралы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ҰК АҚ филиалы, «Қазавтожол» АҚ филиалы, «Қазгидромет» РМК филиалы, Полиция департаментінің ЖПҚ, «АМО» ММ өкілдері сөз сөйледі.
Іс-шара қорытындысы бойынша полковник Р.Н.Амрин ТЖ орындарынан ақпаратты уақтылы және сенімді беруді қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті. ТЖД бөлімшелерінің жергілікті атқарушы органдармен және азаматтық қорғау қызметтерімен өзара ақпарат алмасуына ерекше назар аударды.
Қарағанды облысы ТЖД
Дағдарыс жағдайларында басқармасы