Қарағандыда азаматтық қорғау авариялық-құтқару қызметтерінің дайындығы тексерілді

Қарағандыда азаматтық қорғау авариялық-құтқару қызметтерінің дайындығы тексерілді

29 қазанда Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Н.Р. Джиенбаев және Қарағанды облысы ТЖД бастығының м.а. М.Қ. Қатпанов қысқы кезеңдегі төтенше жағдайларға ден қоюға әзірлікті тексеру мақсатында авариялық-құтқару қызметтерінің, жылжымалы басқару пунктінің және шатырлы лагерьдің, сондай-ақ авариялық-техникалық құралымдардың әзірлігіне тексеру жүргізді. Байқауға ТЖ департаментінің бөлімшелері, әскери қолбасшылық органдары, полиция департаментінің бөлімшелері тартылды. Байқауға барлығы жеке құрамнан 118 адам және 30 бірлік техника қатысты.
Осындай байқаулар облыстың барлық қалалары мен аудандарында өткізіледі.
Қарағанды облысы әкімінің "Қарағанды облысының халқын және аумағын 2019-2020 жылдардағы қысқы кезеңдегі төтенше жағдайлардан қорғауды ұйымдастыру туралы" өкіміне сәйкес облыстық азаматтық қорғаудың ішкі жүйесін ағымдағы жылғы 1 қарашадан бастап жоғары дайындық режиміне көшіру жоспарлануда.
Аталған өкіммен қысқы кезеңде халықты қорғау жөніндегі барлық шаралар кешені көзделген іс-шаралар жоспары бекітілді.
Тәжірибеге сүйене отырып, облыс автожолының ұзындығы 714 км болатын 525 қар басатын учаскесі күшейтілген бақылауға алынады.
Зардап шеккендерге көмек көрсету үшін 28 жылыту пунктінің жұмысы ұйымдастырылады. Сондай-ақ жол бойындағы бизнестің басқа да объектілері пайдаланылатын болады.
Қысқы кезеңде азаматтық қорғау органдарының күштері мен құралдарынан 3070 адам және 1200 бірліктен астам техниканы іске қосу жоспарлануда.
Тікелей Департаментпен қысқы жағдайда жұмыс істеу үшін 87 бірлік жоғары өтімді және инженерлік техника дайындалды. Жол талғамайтын көліктер мен вахталық автомобильдер белсенді түрде іске қосылады. Жыл сайынғы тәжірибені ескере отырып, бұл техника Теміртау, Осакаровка, Молодежный, Ақсу-Аюлы, Атасу бағыттары бойынша таралған.
Азаматтық қорғау органдарының күштері мен құралдары қысқы кезеңдегі төтенше жағдайларға әрекет етуге дайын.

Қарағанды облысының ТЖД баспасөз қызметі