Сеңгіріне сексеннің сергек келді

Сеңгіріне сексеннің сергек келді

Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті қызмет ардагерлеріне үнемі қамқорлық көрсетеді.
Біздің облыста құрметті ардагерлеріміздің бірі Тыныбаев Жоламан Ерденбекұлы тұрады. Бүгін Қарағанды облысы ТЖД ӨСжАҚЖҚ қызметкерлері 80 жас мерей тойымен құттықтады. Қазанның 28 жұлдызында Жоламан Ерденбекұлы 80 жасқа толды.
Ардагеріміз Қарағанды қаласының №14 өрт сөндіру бөлімі басшылығының құттықтауларын қабылдады.
Ардагеріміздің жаны ғана емес сонымен қоса бойында күш қуатынан арылмағаны соншалық келген құттықтаушыларды есік алдынана өзі қарсы алып қонақжайлылық танытты. Жоламан Ерденбекұлын құттықтауға келген жандар өздерінің жылы лебіздерін білдіріп, ұзақ өмір жасын тіледі. Сондай-ақ қызмет кезіндегі атқарған жұмыстарды да айтпай кетпеді. Мерей той иесі де әңгімелесу – бұл да біз үшін де үлкен сый екенін айтып өтті және келушілерге де өз алғысын білдірді.


Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі