Су тасқыны кезеңіне дайындық: тексеру жұмыстары жалғасуда

Су тасқыны кезеңіне дайындық: тексеру жұмыстары жалғасуда

Қарағанды облысында су тасқыны қаупі бар елді мекендерді аралау жұмыстары ҚР ТЖМ Төтенше жағдайлардың алдын алу комитеті төрағасының орынбасары Әсет Жылқайдаровтың қатысуымен жалғасуда.

Аралау барысында жергілікті атқарушы органдарға су тасқыны кезеңінде бақылауды күшейту, алдын алу іс-шараларын жандандыру, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, өзен арналарын және арықтарды тексеру және тазалау, сондай-ақ авариялық техниканы дайындау бойынша нақты тапсырмалар берілді.

Қарағанды облысында су тасқыны кезеңіне дайындық жоспарлы түрде жалғасуда және тұрақты бақылауда.

Қарағанды облысы ТЖД