Қарағанды облысы ТЖД қызметкерлері қазақстандық гир көтеру спортынан чемпионатта жүлдегер атанды

Қарағанды облысы ТЖД қызметкерлері қазақстандық гир көтеру спортынан чемпионатта жүлдегер атанды

25 қаңтарда Теміртау қаласында гір көтеру спортынан Қарағанды облысының чемпионатының «Ұзын цикл» дисциплинасы бойынша жарыс өтті. Жарысқа Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаментінен бес қызметкер қатысты.


Чемпионат қорытындысы бойынша 85 кг дейінгі салмақ дәрежесінде бірінші орынды, сондай-ақ жарыстың ең үздік абсолюттік нәтижесін Қарағанды облысы ТЖД өрт сөндіруді ұйымдастыру және авариялық-құтқару жұмыстары басқармасының аға инженері, азаматтық қорғау капитаны Комаров Александр иеленді.


Қиын әрі шиеленіскен бәсекеде олар жоғары дайындық деңгейін және табандылықты көрсетіп, лайықты екінші орынды 5-ӨСБ бөлімше командирі, азаматтық қорғау старшинасы Пацук Дмитрий, өрт сөндіруді ұйымдастыру және авариялық-құтқару жұмыстары басқармасының жедел кезекші қызметінің көмекшісі Ромашенко Виталий және 28-ӨСБ жүргізуші-қызметкері Демченко Илья жеңіп алды.
Сонымен қатар, 21-ӨСБ өрт сөндіруші-құтқарушысы Қожахметов Серік төртінші орынды қанжығалады.


Қарағанды облысы ТЖД әріптестерінің жетістіктерімен мақтанады және оларды осындай жоғары деңгейдегі жарыста көрсеткен нәтижелерімен құттықтайды. Бұл жеңістер қызметкерлердің дене дайындығы мен кәсіби төзімділігін арттырудағы маңызды рөлін тағы бір мәрте дәлелдейді.