
ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің 5 жылдық мерейтойына орай күштік құрылымдар арасында теннистен турнир ұйымдастырылды. Аталған спорттық шараға Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері белсенді қатысып, жоғары деңгейдегі спорттық дайындықтарын көрсетті.
Тартысты әрі қызықты өткен бәсекенің қорытындысы бойынша Қарағанды облысы ТЖД командасы жүлделі 2-орынды иеленді.
Әріптестерімізді лайықты жеңістерімен шын жүректен құттықтай отырып, алдағы қызметтері мен спорттық жетістіктеріне толағай табыс тілейміз!