27 қазанда Қарағанды облысының ТЖД қысқы кезеңдегі төтенше жағдайларға ден қоюға дайындық және қауіпсіз жүріс-тұрыс шаралары бойынша брифинг өткізілді. Қарағанды облысы ТЖД бастығының м.а. полковник М.Қ. Қатпанов сөз сөйледі.
Өңірді қысқы кезеңге дайындау мақсатында Қарағанды облысы әкімінің "Қарағанды облысының халқын және аумағын 2019-2020 жылдардағы қысқы кезеңдегі төтенше жағдайлардан қорғауды ұйымдастыру туралы" өкіміне сәйкес облыстық азаматтық қорғаудың ішкі жүйесін ағымдағы жылғы 1 қарашадан бастап жоғары дайындық режиміне көшіру жоспарлануда.
Аталған өкіммен қысқы кезеңде халықты қорғау жөніндегі барлық шаралар кешені көзделген іс-шаралар жоспары бекітілді.
Тәжірибеге сүйене отырып, облыс автожолының ұзындығы 714 км болатын 525 қар басатын учаскесі күшейтілген бақылауға алынады.
Зардап шеккендерге көмек көрсету үшін 28 жылыту пунктінің жұмысы ұйымдастырылады. Сондай-ақ жол бойындағы бизнестің басқа да объектілері пайдаланылатын болады.
Қысқы кезеңде азаматтық қорғау органдарының күштері мен құралдарынан 3070 адам және 1200 бірліктен астам техниканы іске қосу жоспарлануда.
Тікелей Департаментпен қысқы жағдайда жұмыс істеу үшін 87 бірлік жоғары өтімді және инженерлік техника дайындалды. Жол талғамайтын көліктер мен вахталық автомобильдер белсенді түрде іске қосылады. Жыл сайынғы тәжірибені ескере отырып, бұл техника Теміртау, Осакаровка, Молодежный, Ақсу-Аюлы, Атасу бағыттары бойынша таралған.
Азаматтық қорғау органдарының күштері мен құралдары қысқы кезеңдегі төтенше жағдайларға әрекет етуге дайын.
Алайда, қайғылы жағдайға жол бермеу үшін азаматтардың қауіпсіздік шараларын сақтауы да маңызды. Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарды өте мұқият және жауапты болуға шақырады.
Суық ауа райы басталысымен қозғалыс жолында азаматтармен болатын жазатайым оқиғалар жиілейді.
Ауа райы жағдайының нашарлауын болжау кезінде біз халыққа дауылды ескертулерді түрлі хабарлау тәсілдерімен жеткіземіз: СМС-тарату, теле -, радиохабар, БАҚ, әлеуметтік желілер, "Дәрмен" мобильді қосымшасы арқылы.
Дауылды ескертулер жарияланған кезде алыс қашықтықтарға барудан бас тартуды ұсынамыз. Жүргізушілер жолдардың жағдайы туралы ақпаратты қадағалап отыруы керек. Автожолдардың жабылуы туралы ақпаратты біз барлық байланыс құралдары арқылы жеткіземіз.
Сондай-ақ, ауылдық жерлерде тұратын халыққа метеожағдайлар нашарлаған кезде алыс қашықтықтарға, әсіресе тәуліктің қараңғы уақытында жаяу жол жүруден бас тарту ұсынылады.
Сондай-ақ дауылды ауа райы кезінде суға шығуға, жарамсыз жүзу құралдарында және жеке құтқару құралдарынсыз шығуға тыйым салынады. Көп ұзамай суайдандары мұзбен жабылады. Қатпаған мұзға тәуліктің қараңғы уақытында және нашар көрінген жағдайда шығуға үзілді-кесілді тыйым салынады. Жабдықталмаған жерлерде көлікте мұзға шығу қаупі туралы ескертемін.
Ересектер балаларға мұқият назар аударуы керек. Оларға қыс мезгілінің қауіптілігін түсіндіріңіз. Жас балаларды қараусыз қалдырмаңыздар.
Сонымен қатар, температура төмендеген кезде халық жылыту құралдары мен пешпен жылытуды белсенді пайдаланатынын ескере отырып, өрттің туындау қаупі артады.
Жылыту маусымы басталғаннан бері, 1 қыркүйектен бастап облыста тұрғын үй секторында 166 өрт тіркелді. Өртте 5 адам қаза тапты, оның ішінде 1 бала, 11 адам жарақат алды, оның ішінде 1 бала.
Өрттің алдын алу мақсатында ТЖ Департаменті ағымдағы жылы 169 000 адамды қамти отырып, 63 000-нан астам тұрғын үй секторын аралап, халықпен 550 жиын өткізді, 385 000 үгіт-насихат материалдары әзірленді және таратылды.
Улы газбен улану салдарынан адамдардың қаза болуы мен жарақаттануына жол бермеу мақсатында үйлері пешпен жылытылатын әлеуметтік қатер тобындағы адамдарға атаулы практикалық көмек көрсету бойынша жұмыс жүргізілуде. 2020 жылдың тамыз айынан бастап көп балалы, аз қамтылған отбасылардың үйлеріне 230 автономды датчиктер орнатылды. 2018 жылдан бастап облыста барлығы 2269 датчик орнатылған. Бұл жұмыс жергілікті атқарушы органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың қолдауымен жүргізілуде.
Өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін сақтау туралы еске саламыз:
- электр жүйесінің жарамдылығын қадағалау;
- электр аспаптарын, плиталарды жарамды күйде ұстау;
- бір желіге бірнеше электр аспаптарының қосылуына жол бермеу, бұл электр желісінің артық жүктелуіне әкеледі;
-қолдан жасалған электр қыздырғыш аспаптарды пайдаланбау;
- тек жарамды пештерді пайдалану, түтіндіктерді күйеден уақтылы тазарту;
- пешті тез тұтанатын сұйықтықтармен жағуға жол бермеу;
- пешті қатты қыздырмаңыз.
Қарағанды облысының ТЖД баспасөз қызметі