АҚО 25 жылдығына орай қызмет ардагерлеріне медальдар табысталды

АҚО 25 жылдығына орай қызмет ардагерлеріне медальдар табысталды

26 қазанда Қарағанды облысының ТЖД-де салтанатты жиналыс өтті. Қазақстан Республикасы Азаматтық қорғау органдарының 25 жылдығын және Құтқарушылар күнін мерекелеу шеңберінде қызмет ардагерлеріне медальдар табыс етілді. Мерейтойлық медальдармен Балтынов Насретдин Зайдович, Кылдыбаев Айдар Нургасимович, Ермаков Андрей Федорович, Абдрахманов Арман Таменович, Мухин Максим Иванович және Мажитов Жеңіс Қалиұлы марапатталды.
Қарағанды облысы ТЖ департаменті бастығының м.а. полковник Мұрат Қасенұлы Катпанов құттықтау сөз сөйледі, ол ардагерлерге адамдарды құтқару ісіне қосқан зор үлесі мен талмай еңбек еткен қызметі үшін алғыс айтты.
"Біз сіздердің тәжірибелеріңізді, еңбектеріңізді, өмірлік білімдеріңізді, дана кеңестеріңізді жоғары бағалаймыз. Біз сіздердің жетістіктеріңізді мақтан тұтамыз, сіздердің ел алдындағы еңбектеріңізді бағалаймыз", - деді М.Қ. Катпанов өз сөзінде.

Қарағанды облысының ТЖД баспасөз қызметі