Қарағанды облысында тұрғын үй секторында профилактикалық жұмыстар жалғасуда

Қарағанды облысында тұрғын үй секторында профилактикалық жұмыстар жалғасуда

Тұрғын үй секторындағы өрттерді азайту, 2020-2021 жж. жылыту кезеңінде адамдардың жарақаттануы мен қаза болуын азайту мақсатында Қарағанды облысының аумағында пешті, газ жабдығын және электр құралдарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі шараларын халыққа түсіндіру бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде.
Өткен демалыс күндері тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі шараларын түсіндіру үшін ТЖД қызметкерлері, әкімдік қызметкерлерін, «Қазақстан еріктілері Лигасы» Қарағанды қоғамдық қорының еріктілерін тарта отырып, Қарағанды қаласы Октябрь ауданының Курьяновский кентінде жеке тұрғын үй секторын аралап шықты.
Аралау барысында пешпен жылытудың жарамдылығына және электр қыздырғыш аспаптар мен электр желілерін пайдаланудың дұрыстығына басты назар аударылды. Өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу анықталған жағдайда, тұрғындарға оларды жою бойынша ұсынымдар берілді. Әлеуметтік қауіп-қатер тобындағы адамдардың үйлеріне ерекше назар аударылды. Іс-шара барысында 224 үй аулаларды аралаумен қамтылды. Өрт қауіпсіздігі шаралары туралы 500-ден астам адамға нұсқау беріліп, өртке қарсы тақырыпта үгіт материалдары таратылды.
ТЖД ескертеді! Өртті болдырмау үшін өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажет:
- ЖАТЫН ОРЫНДА ТЕМЕКІ ШЕКПЕҢІЗ, ТЕМЕКІ ТҰҚЫЛДАРЫН БАЛКОННАН ЛАҚТЫРМАҢЫЗДАР;
- КӨП ҚУАТТЫ ЭЛЕКТР ҚҰРАЛДАРЫН БІР ТОҚ КӨЗІНЕ БІР УАҚЫТТА ҚОСПАҢЫЗДАР;
- ЗАҚЫМДАНҒАН ЭЛЕКТР СЫМДАР ЖҮЙЕСІН ПАЙДАЛАНБАҢЫЗДАР;
- ҚОЛДАН ЖАСАЛҒАН ТОҚ ТАСЫМАЛДАҒЫШТАРДЫ ПАЙДАЛАНБАҢЫЗДАР;
- КИІМ-КЕШЕКТІ ГАЗДЫҢ ЖӘНЕ ЭЛЕКТР ПЛИТАЛАРДЫҢ ҮСТІНДЕ КЕПТІРМЕҢІЗДЕР;
- БАЛАЛАРДЫҢ ОТПЕН ОЙНАУЫНА ЖОЛ БЕРМЕҢІЗДЕР;
- ПЕШТЕГІ ТАМАҚТЫ ҚАРАУСЫЗ ҚАЛДЫРМАҢЫЗДАР;
- ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫ БАСТАЛАР АЛДЫНДА ПЕШТЕРДІ ЖӨНДЕУДЕН ӨТКІЗІҢІЗДЕР;
- МҰРЖАЛАРДЫ КҮЛ-ҚОҚЫСТАН КЕМІНДЕ АЙЫНА 1 РЕТ ТАЗАРТЫП ТҰРЫҢЫЗДАР;
- ЖАНАР-ЖАҒАР МАЙДЫ ОТ ТҰТАТУҒА ПАЙДАЛАНБАҢЫЗДАР;
- ЖАНЫП ЖАТҚАН ПЕШ ПЕН ЭЛЕКТР ЖЫЛЫТУ ҚҰРАЛДАРЫН ҚАРАУСЫЗ ҚАЛДЫРМАҢЫЗДАР;
- ГАЗ БАЛЛОНДЫ АУЫСТЫРҒАНДА БАЛЛОННЫҢ РЕДУКТОРМЕН ГЕРМЕТИКАЛЫҚ ЖАЛҒАНУЫН ОТПЕН ЕМЕС САБЫНДЫ КӨБІКПЕН ТЕКСЕРУІҢІЗ ҚАЖЕТ;
- ҮЙДЕН ШЫҒАРДА ГАЗ ЖӘНЕ ЭЛЕКТРҚҰРАЛДАРЫН ӨШІРІҢІЗДЕР.

Қарағанды облысының ТЖД баспасөз қызметі