Қауіпсіз Жаңа жыл: Қарағанды облысында өрт қауіпсіздігі шаралары талқыланды

Қауіпсіз Жаңа жыл: Қарағанды облысында өрт қауіпсіздігі шаралары талқыланды

Қарағанды облысында «Атамекен» ҰКП алаңында Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті мен Кәсіпкерлер палатасының бірлесіп ұйымдастыруымен дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға Полиция департаментінің қызметкерлері, Кәсіпкерлік басқармасының өкілдері, сондай-ақ ірі сауда үйлері, мейрамханалар және адамдар жаппай жиналатын нысандардың кәсіпкерлері қатысты.

Кездесу барысында жаңа жылдық және мерекелік іс-шаралар кезеңінде өрт қауіпсіздігі талаптарын түсіндіруге ерекше назар аударылды.

Дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты – жаңа жыл мерекелері қарсаңында қауіпсіздік деңгейін арттыру және төтенше жағдайлардың алдын алу.