Қарағандылық құтқарушылар қан тапсыруға белсене қатысты

Қарағандылық құтқарушылар қан тапсыруға белсене қатысты

Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері игі іс жасап, қан тапсыру акциясына қатысты. Бұл қайырымдылық шарасы – донор болу ғана емес, адам өмірін құтқаруға қосқан маңызды үлес.

Акцияға қатысуға ниет білдіргендер аз болған жоқ – бұл олардың қайырымдылық пен жауапкершілікті жоғары қоятынын тағы бір мәрте көрсетті.

Қан тапсыру – әрбір адамның азаматтық парызы, ал біз үшін – жауапкершілік пен адамгершіліктің көрінісі. Әр тамшы қан – үміт, әр берілген үлес – жаңа өмірдің бастамасы!

Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі