Қарағанды облысы ТЖД облыс мектептерінің оқушыларымен интерактивті сабақ өткізді

Қарағанды облысы ТЖД облыс мектептерінің оқушыларымен интерактивті сабақ өткізді

Қарағанды облысы ТЖД Қарағанды облысы білім басқармасының "Сарыарқа дарын" ғылыми-практикалық орталығымен бірлесіп қосымша білім беру мақсатында "ZOOM" қосымшасы мен Instagram әлеуметтік желісі арқылы «19 қазан - Қазақстан құтқарушылары күні» тақырыбында облыстық интерактивті сабақ өткізді. Интерактивті сабаққа қатысу үшін азаматтық қорғау органдарының ардагері Қалыбеков Ғ.Т. шақырылды, ол өзінің өмірлік тәжірибесімен бөлісіп, құтқарушылардың жұмысы туралы айтып берді. Сабақ барысында ТЖД қызметкерлері балаларға тұрмыстағы өрт қауіпсіздігінің негізгі шараларын, улы газдан зардабы жағдайы туындағандағы іс-қимылдарды жеткізді.
Сабақты трансляциялау барысында оқушылар біздің азаматтық қорғау органдарындағы қызметімізге қызығушылық танытты. Азаматтық қорғау қызметкерлерін құттықтау үшін Қарағанды облысының оқушылары арасынан Нығмет Нұрмақов атындағы мамандандырылған мектеп-интернатының 11 сынып оқушысы Кахарман Ислам сөз сөйлеп лебізін білдірді.
Сабақ соңында Көкшетау техникалық институтына түсу ережелері жеткізілді.
Онлайн режимде Қарағанды облысы мектептерінің 700-ден астам оқушысы қатысты.

Азаматтық қорғаныс басқармасының
аға офицері
майор А. В. Кузнецов