Қарағанды облысы ТЖД қызметкерлері футбол алаңында бақ сынасты

Қарағанды облысы ТЖД қызметкерлері футбол алаңында бақ сынасты

 Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаменті бөлімшелері қызметкерлері арасында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған футболдан командалық жарыс өтті.

Аталған турнир жеке құрамды патриотизмге тәрбиелеу, салауатты өмір салтын ұстану мен дене шынықтыруды насихаттау, сондай-ақ қызметкерлер арасынан үздік спортшыларды анықтау мақсатында дәстүрлі түрде жыл сайын ұйымдастырылады.Турнирге Қарағанды облысы ТЖД бөлімшелерінен 22 футбол командасы қатысып, бақ сынады. Әр команда жеңіске жету үшін бар күшін салып, нағыз командалық рухты көрсетті. Ойын қызықты тартыстарға толы болды.

Ойын нәтижесі бойынша Теміртау қаласының №2 МӨСБ командасы турнир жеңімпазы атанды.
 №1 МӨСБ командасы жүлделі екінші орынды иеленді.
 Мартбек Мамраев атындағы 52859 әскери бөлімнің командасы үшінші орынды қанжығасына байлады.
Турнирдің «Үздік қақпашысы» номинациясын №1 МӨСБ қызметкері Кошыков Дархан иеленді, ал «Үздік шабуылшы» атағы №2 МӨСБ ойыншысы Авдеев Вячеславқа деп танылды, ал «Турнирдің үздік ойыншысы» атағы — 52859 әскери бөлімінің ойыншысы Ереже Нұртайға бұйырды.

Жарыс соңында турнир жеңімпаздары мен жүлдегерлері дипломдар мен кубоктармен марапатталды. Қатысқан барлық командаларға алғысымызды білдіреміз! Алда тек жеңістер мен табыстар тілейміз! Еліміздің Тәуелсіздігі мәңгілік болсын!

Қарағанды облысы ТЖД