«Назар аударыңыздар!!!»

«Назар аударыңыздар!!!»

Алдағы үш күнде өңірде ауа температурасының күрт төмендеуі күтіледі.
Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындар мен қонақтарды мамандардың ұсынымдарын тыңдауға, сақ болуға, ауа райының өзгерістері мен енгізілген шектеулер туралы ақпаратты қадағалап отыруға шақырады. Аса қажет болмаса елді алыс жолға аттанбаңыздар.

Сонымен қатар, тұрмыста өрт қауіпсіздігі шараларын сақтауға шақырамыз. Әсіресе пешпен жылыту кезінде абай болыңыз: мұржаның дұрыстығын тексеріңіз, жанып жатқан пешті қараусыз қалдырмаңыз, тұтандыру үшін тез тұтанғыш сұйықтықтарды қолданбаңыз және пешті шамадан тыс қыздырмаңыз.

Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз!