
20 қазанда Қарқаралы ауданында жоғалып кеткен 35 жастағы ер адамды іздестіру жұмыстары сәтті аяқталды.
Досының қыстағына қонаққа келген Қарағанды тұрғыны 20 қазан күні сағат 17:00-де, серуендеу үшін үйден шығып кеткен. Қайтатын жолдан адасып кеткендігін түсінген ол, байланысқа шығу үшін тауға көтерілген.
21 қазан күні сағат 06:00-де іздестіру-құтқару операциясы басталды. ТЖД, полиция, жергілікті атқарушы орган қызметкерлерінен құралған іздеу тобы іздестіру жұмыстарын жүргізді.
ТЖД іздеу тобы сағат 09:45-те жоғалған адамды Жалғасерек қыстағынан 5 шақырым жерде оңтүстік-батыс бағытта тапты. Медициналық көмек қажет болмады.
Қарағанды облысы ТЖД құтқарушылары орманға барар алдында картада қандай бағдарлар бар екенін түсіну үшін баратын ауданды зерттеу керек екенін, туыстарыңызға қайда және қашан баратындығыңызды және олармен байланыста болу керектігін еске салады. Алайда, егер сіз жоғалған болсаңыз, 112 нөміріне қоңырау шалыңыз.
Қарағанды облысының ТЖД баспасөз қызметі