19 қазанда Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінде Қарағанды облысының құтқарушыларын медальдар мен төсбелгілермен марапаттау шарасы өткізілді.
Мерекелік шараға Қарағанды облысы ТЖД бөлімшелерінің басшылары мен қызмет ардагерлері қатысты.
Мерекелік шарада ТЖД бастығының міндетін атқарушы полковник Мұрат Қатпанов құтқарушыларды кәсіби мерекемен құттықтап, ТЖД бөлімшелерінің ерекше көзге түскен қызметкерлеріне ведомстволық наградалар табыстады.
Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті ТЖМ ең ірі аумақтық бөлімшесі ретінде облыс аумағында халықтың қорғалуын толық көлемде атқарады.
Бүгінде Қарағанды облысында Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің 36 өрт сөндіру бөлімі, Жедел-құтқару жасағының 7 құтқару бөлімшесі, Апаттар медицинасы орталығының 7 трассалық-медициналық құтқару пункті, «Өрт сөндіруші» АҚ 19 бөлімшесі тәулік бойы жауынгерлік дайындықта тұр.
25 жыл ішінде қарағандылық құтқарушылар 49 мыңға жуық авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізді, 30 515 адам құтқарылды және ТЖ аймақтарынан 43 мыңнан астам адам эвакуацияланды.
Ең мықты, қайсар да батыл жандар ғана өмірлік қызметі ретінде құтқарушы болуды таңдайды.
Қарағанды облысының ТЖД баспасөз қызметі