Қарағанды облысының ТЖД Азаматтық қорғау қызметкерлері ант қабылдады

Қарағанды облысының ТЖД Азаматтық қорғау қызметкерлері ант қабылдады

19 қазанда Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау қызметтерінің құрылғанына 25 жыл толуы атап өтілуде.
Құтқарушылар күнін мерекелеу аясында азаматтық қорғау органдарына қызметке кірген жас қызметкерлер салтанатты түрде ант қабылдады. Дәстүр бойынша, рәсім ескерткішке гүл шоқтарын қоюмен, сондай-ақ бір минут үнсіздікпен басталды.
Бүгін Отанға қызмет етуге 20 өрт сөндіруші ант берді.
Әсерлі сөздермен Қарағанды облысы ТЖД бастығының орынбасары Рустамбек Амрин сөз сөйледі.
«Бүгін ант қабылдайтын жас қызметкерлерге айтарым. Сіздер үшін бүгін айтулы күн. Адамдарды төтенше жағдайлардан құтқару үшін Отанға, қызметке адал болуға ант бересіздер. Өз өмірлеріңізді біздің елге және оның азаматтарына қызмет етуге арнай отырып, үлкен жауапкершілік алып отырсыздар. Біздің басты міндетіміз - облыс халқын төтенше жағдайлардан қорғау және құтқару. Біз оған мұқтаж адамдарға көмекке келуге және бізге көрсетіліп жатқан сенімді ақтауға әрқашан дайын болуымыз керек», — деп атап өтті Рустамбек Амрин.
Сондай-ақ, қаза тапқан өрт сөндірушілер мемориалына гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.


Қарағанды облысының ТЖД баспасөз қызметі