Құтқарушылар Жезқазғанның екі тұрғынын құтқарды

Құтқарушылар Жезқазғанның екі тұрғынын құтқарды

11 қазанда Жезқазған қаласының Тайжанов көшесінде тұратын 70 жастағы әйелге көмек қажет екендігі туралы хабарлама келіп түсті.
Бір қабатты тұрғын үйдің дәлізінде жалпы ауданы 30 ш.м. құрайтын еден мен жылыту пешінің кірпіш мұржасының құлауы орын алды. Құтқарушылар еденнің астында қалған әйелді шығарып алды. Әйелге медициналық көмек қажет болмады. Себебі анықталуда.
Сол күні Жезқазған қаласының тағы бір тұрғынына ТЖД қызметкерлерінің көмегі қажет болды.
Сағат 09:10-да жартылай фабрикаттар шығаратын цехта қамыр илегіш пышақтар жұмысшының қолын қысып қалған. 1997 ж.т. жігітті ТЖД қызметкерлері алып шықты. Жәбірленуші ауруханаға "Жоғарғы білектің ашық жарасы" диагнозымен жеткізілді.


Қарағанды облысының ТЖД баспасөз қызметі