Бұқар Жырау ауданында жоғалған балалар табылды

Бұқар Жырау ауданында жоғалған балалар табылды

Қарағанды облысы Бұқар Жырау ауданы Қушоқы кентінде 50-ден астам адам жоғалып кеткен екі кәмелетке толмаған баланы іздеп ұйқысыз түн өткізді.
2008 және 2007 ж.т. ұлдардың жоғалып кеткені туралы толқыған туыстарынан 7 қазан күні кешке сағат 19:00-де "112" пультінде қаңырау келіп түсті. Ұлдар малға кетіп, қайтып оралмаған.
Іздестіру-құтқару жұмыстарына Қарағанды облысы ТЖ департаментінің 21 қызметкері, 2 кинологиялық есеп, 4 техникасы, сондай-ақ полиция бөлімінің, жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері және жергілікті тұрғындар қатысты. Балалардың болуы мүмкін барлық орындар қаралды.
8 қазан күні таңертең сағат 10: 25-те іздеу тобымен Қушоқы кентіндегі қараусыз қалған бір қабатты үйден балалар табылды.
Балалар ата-аналарына табысталды. Медициналық көмекті қажет етпеді.

Қарағанды облысының ТЖД баспасөз қызметі