Қарағанды облысының ТЖД қызметкерлері ТЖ қызметінің құрылғанына 25 жыл - Құтқарушы күнін мерекелеу шеңберінде Ақмола облысы ТЖД бастаған эстафетаны қолдап, «25 мың құтқарылған өмір» атты республикалық донорлық қан тапсыру акциясына қатысты. 2020 жылдың 7 қазанында Қарағандылық құтқарушылар донорлық қанды Облыстық қан орталығына тапсырды.
Қарағанды облысы ТЖД құтқарушылары бірінші рет донор болып отырған жоқ, олар ұйымдастырылған әлеуметтік акцияларға ғана қатысып қоймай, қанды өз бастамасымен де тапсырады. Соңғы үш жылда 150-ден астам қызметкер қан тапсырды. Олардың көпшілігі тұрақты донорларға айналған.
Осындай акцияның өткізілуі нағыз құтқарушылар тек төтенше жағдайларда ғана көмекке келмейтіндігін растайды. Олар қиын жағдайда қалған адамдарға да көмек көрсетіп, мұқтаж болғандарға өз кандарын бөлісуге дайын.
Қан орталығында құтқарушыларды еріктілер қатарында көруге әрқашан қуанышты, өйткені олар дәрігерлік тексеруді әрдайым өтіп, жақсы дене даярлығымен ерекшеленеді.
Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі