Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаментінде ТЖД бөлімшелерінің қызметкерлері арасында "Мемлекеттік өрт бақылаудың үздік қызметкері" атағына облыстық конкурс өткізілді.
Конкурс жыл сайын өткізіледі және оның мақсаты қызметкерлердің кәсіби шеберлігін арттыру және жұмысқа ынталандыру болып табылады. Байқауға ТЖД-нің 12 қызметкері қатысты.
Бірінші турда мамандардың қызметін реттейтін негізгі нормативтік-құқықтық актілер бойынша тестілеу өтті. Екінші тур объектінің өртке қарсы жағдайын шартты тексеру түріндегі практикалық бөлім болды.
Конкурстың теориялық және практикалық бөлімінде Жезқазған қ. ТЖБ АҚСАҚАжБТ бас маманы азаматтық қорғау майоры Д. Н. Куйкабаев, Шахтинск қ. ТЖБ аға инженері азаматтық қорғау аға лейтенанты А.А. Воронков, Теміртау қ. ТЖБ АҚСАҚАжБТ бас маманы азаматтық қорғау майоры В.К. Карушулаков, Бұқар Жырау ауданы ТЖБ бас маманы азаматтық қорғау капитаны В.В. Малышкин, Жезқазған қ. ТЖБ АҚСАҚАжБТ бас маманы азаматтық қорғау капитаны К. Сламбек. Осакаров ауданы ТЖБ аға инженері азаматтық қорғау капитаны Д.Т. Каспаков жақсы нәтижелер көрсетті.
Өткізілген турлардың қорытындысы бойынша "Мемлекеттік өрт бақылаудың үздік қызметкері" атағы Жезқазған қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының азаматтық қорғау саласындағы апаттар қаупін азайту және бақылау тобының бас маманы азаматтық қорғау майоры Дидар Куйкабаевқа берілді.
Енді ол республикалық байқауға қатысады.
Сәттілік тілейміз!