
Қарағанды облысы ТЖ департаментінің ұжымы жиырма бес жылдан астам азаматтық қорғау органдарында қызмет еткен азаматтық қорғау подполковнигі Әсет Төлегенұлы Әбішевті құрметті демалысқа шығарып салды.
Қарағанды облысы ТЖ департаментінің бастығы азаматтық қорғау полковнигі Ибрагим Даукесұлы Күлшімбаев құттықтау сөз сөйлеп, жетістіктерін атап өтіп, Әсет Төлегенұлына адал қызметі үшін алғыс айтып, зор денсаулық, амандық, азаматтық өмірде табыс және жаңа жетістіктер тіледі.
Әсет Төлегенұлы Әбішев өртке қарсы қызмет органдарындағы қызметін 2003 жылы Қарағанды облысы МӨҚ екінші жасағы Өрт сөндіру бөлімінің №3 өрт сөндірушісі; МӨҚ басқармасының Мамандандырылған жасағының аға өрт сөндіруші-құтқарушысы; "өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі" мемлекеттік мекемесі филиалының №52 өрт сөндіру бөлімі бастығының орынбасары болып бастады. 2006 жылы №52 өрт сөндіру бөлімі бастығының орынбасары болып тағайындалып, 2007 жылдың қарашасынан 2008 жылдың қыркүйегіне дейін №51 өрт сөндіру бөлімінің бастығы болып жұмыс істеді. 2008 жылғы қыркүйектен 2013 жылғы қарашаға дейін №32 өрт сөндіру бөлімінің бастығы. 2013 жылдың қарашасынан 2014 жылдың қазанына дейін №4 жасақтың №22 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бастығы. 2014 жылдың қазанынан 2015 жылдың мамырына дейін №2 жасақтың №44 Өрт сөндіру бөлімінің бастығы. 2015 жылдың мамырынан 2017 жылдың сәуіріне дейін №30 өрт сөндіру бөлімінің бастығы. Сәуір айында Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар Департаментінің бұйрығымен Қарағанды облысы ТЖД Абай қ.ТЖБ бастығы болып тағайындалды.
Қызмет өткерген уақытында "Төтенше жағдайлардың алдын алуда және жоюда үздік шыққаны үшін "медалімен, ІІІ дәрежелі" Өртке қарсы қызмет органдарындағы мінсіз қызметі үшін " медалімен, ІІ дәрежелі "Мінсіз қызметі үшін" медалімен, Қарағанды облысы ТЖД бастығының Алғыс хатымен марапатталған.
Бірнеше рет Қарағанды қаласының объектілеріндегі күрделі және ірі өрттерді жоюға қатысты, оларды сөндіру бойынша басшылықты жүзеге асырды, осы аз емес еңбек жылдарында өз жұмысын абыроймен орындады, жоғары нәтижелерге қол жеткізді. Өзінің кәсіби тәжірибесі мен білімін жас қызметкерлерге берді, себебі олардың арасында әрқашан кеңес пен ақылды қажет ететіндер бар.