
1 қазан — Халықаралық қарттар күніне орай Балқаш қаласы ТЖ басқармасының қызметкерлері Балқаш қаласы ТЖ органдары ардагерлер кеңесінің төрағасы Ш.Б. Көппаевпен бірге тұрғылықты жері бойынша азаматтық қорғау ардагерлерін қарттар күні мерекесімен құттықтады.
Балқаш қаласының ТЖБ бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Б. Б. Хабдулин ардагерлерге мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр тілеп, көп жылғы еңбегі үшін алғыс айтты, сондай-ақ материалдық көмекпен құттықтау конвертін табыс етті.
Ардагерлер жасы мен денсаулығына қарамастан, көңілді көрінді. Әзіл-қалжыңдап, күнделікті өмірі туралы және өз қызметтерінен қызықты оқиғалар туралы әңгімеледі. Көңіл бөліп, қамқорлық жасап жүрген қызметкерлерге өз алғыстарын білдірді. Олар үшін - бұл естеліктерге ерік берген көптен күткен және толқытатын кездесу.
Қарағанды облысы ТЖД қызметкерлері бұл мереке – аға буынға жасы туралы еске салу емес, қарт адамдарға деген ерекше қарым-қатынас күні, олардың сүйіспеншілігін, қамқорлығын, қолдауы мен құрметін білдірудің тағы бір себебі екеніне сенімді.
Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі