Қарағанды облысы ТЖД қызметкерлері Халықаралық қарттар күні қарсаңында ардагерлерді құттықтады

Қарағанды облысы ТЖД қызметкерлері Халықаралық қарттар күні қарсаңында ардагерлерді құттықтады

1 қазанда біз күз мезгілінің ерекше бір мерекесін – Халықаралық қарттар күнін тойлаймыз. Бұл мереке-сұлу табиғатымыздың мол өнім беретін, күннің жұмсақ сәулесімен қуантатын, алтын күз шағымен тұспа-тұс келетін кезең.
Бұл күн – үлкен адамдарға олардың жасын еске салу емес, біздің әке-шешелерімізге, соғыс, еңбек ардагерлеріне, зейнеткерлерге, жасы келген тұрғындарға олардың көп жылғы адал еңбектеріңіз, сіздердің тәжірибелеріңіз, мейрімділіктеріңіз бен даналықтарыңыз үшін жылы сөздер айтатын тамаша мүмкіндік!
Сіздер үлкен өмір жолын артта қалдырдыңыздар. Уақыт пен ұрпақ арасындағы тірі байланыс – Сіздерсіздер. Сіздер әдептілік құндылықтардың, салт-дәстүрдің сақтаушыларысыздар, балаларыңыздың және немерелеріңіздің сүйеніші мен сенімді көмекшілерісіздер.
Мереке қарсаңында Қарағанды облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі бастығының орынбасарлары С.Е. Жақыпбеков, М.Т. Әбілсейтов және ТЖД облыстағы ардагерлер одағының төрағасы М.С. Есентаев өздерінің ардагерлерін үйлеріне барып құттықтады, оларға баға жетпес тәжірибелері мен даналықтары үшін алғыс айтып, атаулы көмек көрсетті.
Осы тамаша мерекемен шын жүректен құттықтай отыра Сіздерге Сіздерге зор денсаулық, көтеріңкі көңіл күй, сәттілік пен ұзақ ғұмыр тілейміз! Әрқашан жандарыңызда сіздерді құрметтейтін балаларыңыз, сүйікті немерелеріңіз бен достарыңыз болсын!