
Жыл сайын оқу жылы қарсыңында республика бойынша Білім күніне сәйкес «Мектепке жол» акциясы өткізіледі. Баланы мектепке әзірлеп, оқуға керек заттарды сатып алу үлкен шығын. Әсіресе отбасында бірнеше мектеп жасындағы балалар тәрбиелеп отырған, аз қамтылған, көп балалы және жетім балалары бар отбасыларға қиындықтар туғызады.
Биыл Қаражал қаласының төтенше жағдайлар бөлімі және №16 Өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері бұл акциядан тыс қалмай, белсенділік танытты. Атап айтқанда, 30 қыркүйек Қаражал қаласының тұрғыны жалғыз басты ана, аз қамтылған отбасының 8-жасар қыз баласына оқу жабдықтары мен киім кешекпен көмек көрсетілді. Ол бүгінде Қаражал қаласының жалпы орта білім беретін №7 мектебінің оқушысы. Қыздың көзінен шынайы қуанышты көріп, біз де қуанып қалдық.
Егерде әрбір Қазақстан тұрғындарының балларға деген көз қарасын өзгертпей осындай тұрмысы төмен көп балалы отбасыларға жәрдем берсе мектепке бару, білім алуы да жоғарлайтын еді. Себебі балалар ол біздің тәуелсіз Қазақстанымыздың болашағы.
Қаражал қаласының төтенше жағдайлар бөлімімен №16 өрт сөндіру бөлімі қызметкерлері келешекте осындай акцияларға белсенді қатысатын болады.
Қаражал қаласы ТЖБ бастығы
азаматтық қорғау подполконигі Абеев Е.Т.