Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті облыс аумағында жұмыс істейтін көптеген қоғамдық бірлестіктермен және волонтерлік ұйымдармен тұрақты негізде өзара іс-қимыл жасайды. Бұл ынтымақтастық халықтың қауіпсіздік мәдениетін арттыруға, азаматтық қорғау, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласында білімді насихаттауға және оқытуға бағытталған.
Бүгін Қарағанды облысы ТЖ Департаменті мен ірі жастар қозғалысының бірі - "Қазақстан Волонтерлер лигасы" қоғамдық қоры арасында ынтымақтастық және өзара іс-қимыл туралы кезекті меморандумға қол қойылды.
Қазақстан еріктілері лигасын Қарағанды облыстық филиалының директоры Аслан Берікбекұлы Кабергенов таныстырды. Ол қоғамдық қор қызметіндегі негізгі бағыттарды және еріктілердің облыс тұрғындарына қолдан келгенше көмек көрсету ниетін жеткізді.
Қарағанды облысы ТЖД бастығы азаматтық қорғау полковнигі Ибрагим Даукесұлы Күлшімбаев табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарын жою және апат тәуекелдерін төмендету бойынша жобаларға қатысу бойынша бірлескен табысты жұмысқа сенім білдірді.
Азаматтық қорғау қызметкерлері волонтерлермен бірлесіп, халықты кез келген төтенше жағдайлар, сондай-ақ дүлей зілзалалар, қауіпті құбылыстардың теріс әсерлері салдарынан зардап шеккен адамдарға көмек көрсетуге және қолдау көрсетуге бағытталған іс-шаралар кезіндегі іс-қимылдарға оқыту бойынша жұмыс жүргізетін болады. Бұдан басқа, іздестіру және құтқару жұмыстарына, шұғыл медициналық көмек көрсетуге, сондай-ақ төтенше жағдайлар мен олардың салдарларына қарсы іс-қимыл инфрақұрылымын жақсартуға бағытталған басқа да іс-шараларға қатысу қажет.
Сонымен қатар, Ибрагим Даукесұлы алдағы 2021 жылы өрт-құтқару спорты бойынша әлем чемпионатына шет тілдерін меңгерген еріктілердің қатысуын талқылады.
Келіссөздер барысында ТЖД қызметкерлерімен волонтерлерді өрт қауіпсіздігі қағидаларына, алғашқы медициналық көмек көрсетуге, төтенше жағдайларды жою кезіндегі іс-қимылдарға оқыту бойынша уағдаластыққа қол жеткізілді. Азаматтық қорғау қызметкерлерінің қызметімен танысу мақсатында өрт сөндіру бөліміне және өрт-техникалық орталығының мұражайына экскурсия жоспарланған.
Жасалған меморандум аясындағы бірлескен жұмыс, әсіресе, алдағы қысқы кезеңде төтенше жағдайлардың санын азайтуға мүмкіндік береді.
Қарағанды облысының ТЖД ЗҚҚАжАҚСББ
бастығы а.қ полковнигі А. Моисеев